Қазақстан мен Өзбекстанның бас прокурорлары кездесті

703

Қазақстан мен Өзбекстанның бас прокурорлары кездесті

Бүгін ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың Өзбекстанның бас прокуроры Отабек Мурадовпен екі жақты кездесуі өтті. Тараптар жасалған халықаралық шарттар шеңберінде қадағалау ведомстволары арасында қалыптасқан екі жақты қатынастарға оң баға берді, деп хабарлайжы бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қылмыстық-құқықтық саладағы, соның ішінде сотталғандарды экстрадициялау, беру, қылмыстық кірістерді қайтару бойынша ынтымақтастық мәселелері жеке талқыланды.

Терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды.

"Өзбекстан - Халықаралық ынтымақтастық мәселелеріндегі біздің негізгі әріптесіміз, жыл сайын ондаған қылмыскерлер экстрадицияланып, қылмыстық істер бойынша қажетті құқықтық көмек көрсетілуде", - деп атап өтті Қайрат Қожамжаров.

Соңғы 2 жылда Өзбекстаннан біздің елге 5 тұлға экстрадицияланып, 127 азамат берілді. Одан әрі қылмыстық қудалау үшін өзбек тарапына 10 қылмыстық іс берілді. 

Кездесу соңында қазақстандық қадағалау органының басшысы әріптестерін келе жатқан мемлекеттік мереке – Өзбекстанның Конституциясы күнімен құттықтап, бейбітшілік пен одан әрі көркеюіне тілек білдірді.

Өз кезегінде Отабек Мурадов ведомоствоаралық ынтымақтастықтың қалыптасқан ведомствоаралық ынтымақтастыққа оң баға беріп, оны одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында өткен "Аймақаралық ынтымақтастықты нығайту және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте күш-жігерді үйлестіру" атты халықаралық конференцияда шет елдердің қадағалау ведомстволары өкілдерінің қатысуы аясында Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу