Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі: жарылыстан 16 адам зардап шекті

696

Өзбекстанның Сырдария ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz Өзбекстанның ДСМ сілтеме жасап.    

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі: жарылыстан 16 адам зардап шекті Фото: telegram/mudofaavazirligi

Ведомство мәліметінше, таңғы сағат 05:01-де аудандық төтенше жағдайлар бөліміне Сырдария облысының Мәлік ауылында жарылыс болған.

"Оқиға салдарынан зардап шеккен 16 азаматтың 12-сі Сырдария аудандық медициналық бірлестігіне жеткізілді. Олардың барлығына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Сырдария филиалында 4 науқас стационарлық бақылауға алынды", – делінген ресми хабарламада.

Ведомстводан зардап шеккендер арасында ауыр жарақат алғандар мен ауыр халде жатқандар жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Өзбекстандағы Сырдария облысы Мәлік ауылындағы әскери қоймада жарылыс болғанын жазған болатынбыз. Жарылыс дүмпуі Мақтаарал ауданына жеткендіктен арнайы комиссия зардап шеккен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бар-жоғын анықтау бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу