Шымкентте полиция қызметкерлері өзенде шомылып жүріп, ағысқа түсіп кеткен екі қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Қарабастау аумағында болған. Полицияға екі қызды өзен ағысы алып бара жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен инспектор Нұрлан Жұмабай әріптестерімен бірге қыздарды судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.
Қыздарға алғашқы көмек көрсетілді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.
Полиция азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтап, белгіленбеген және қауіпті жерлерде шомылмауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу