Маңғыстау облысында "Өзен-Атырау -Самара" магистралды мұнай құбырының 409-422,5 шақырымдық аралығында құбырды ауыстыру және қосу жұмыстары толық аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбыры отандық мұнайды әлемдік нарықтарға жеткізудің негізгі бағыттарының бірі саналады және экспорт көлемі бойынша екінші орында тұр.
Жұмысты жүргізген транзиттік компанияның мәліметінше, мұнай құбырының сенімділігін арттырып, Қазақстанның магистралды жүйесі арқылы мұнайды қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдауға жағдай жасайды. Сонымен қатар елдің транзиттік мүмкіндігін тиімді пайдалануға ықпал етпек.
Жобаға "ҚазТрансОйл" мен мердігер компаниялардың 212 маманы тартылып, 71 арнайы техника пайдаланылды.