Өзгенің атынан несие алған алаяқ сотталды

924

Алаяқ танысын көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін деп алдаған.

Өзгенің атынан несие алған алаяқ сотталды

Өзгенің атынан несие алған Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін деген желеумен өзінің танысының жеке куәлігі мен банк картасын пайдаланып, оның атынан микрокредиттік мекемелерден 305 000 теңге көлемінде несие рәсімдеген.​

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен "Алаяқтық" сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды",– деп жазылған хабарламада.

Күдікті азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндірген. Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу