"Өзі жалаңаш, қолында пышағы бар": Алматыда шетелдік азамат тұрғындардың зәресін алған

Полиция күдіктіні ұстады және оның кім екенін анықтады.  

"Өзі жалаңаш, қолында пышағы бар": Алматыда шетелдік азамат тұрғындардың зәресін алған Фото: Бейнежазбадан

Шетелдік азамат қазір қамауға алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиға Алматыдағы Бұқар жырау көшесінде болған. Қолына пышақ ұстаған жалаңаш ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

– Ол – 1990 жылы туған шетел азаматы. Ұстау кезінде өзін оғаш ұстап, іс-әрекетіне қатысты мардымды түсініктеме бере алмады. Аталған азаматтың осы учаскеде орналасқан ұйымдарға ешқандай қатысы жоқ, – делінген хабарламада.

Полиция күдіктінің қабылдау-тарату орнына қамалғанын хабарлады. Шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған.

Қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, процестік шешім содан соң қабылданады. 

Бұған дейін Алматыда қызға шабуылдаған ер адам ұсталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу