"Өзін ауылдың аңқау баласы ретінде көрсетеді": Бишімбаев Байжанов туралы күтпеген жайт айтты

429

Бишімбаевтың айтуынша, Байжанов оған талап қойған. 

"Өзін ауылдың аңқау баласы ретінде көрсетеді": Бишімбаев Байжанов туралы күтпеген жайт айтты Фото: Jogargy_sot

Сот процесі кезінде бүгін экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа сұрақ қоймақ болды. Алайда судья Айжан Көлбаева сұрақтардың бірнеше рет қайталанып жатқанын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бишімбаев Байжанов сотта өзін "ауылдың аңқау баласы ретінде көрсеткісі келетінін" айтады.

"Байжанов менен "вип-залға қайта-қайта кіргенін жасырғысы келіп, маған солай айт" деп отыр. Нашатырмен байланысты оқиғаны өздеріңіз өзінен нақтыладыңыздар. Ал менен сұрамадыңыздар. Мәселе мынада: ол випзалға сол нашатыр спиртімен кірді де, сол банкіні қайта алып шықты. Ол оны қалай қолданғанын да білмеймін. Ол сол өзі жерде 5 минуттай болды. Сол уақыттан бері, бес ай бойы мен одан құжаттарды талап етіп келемін. Ал ол маған "егер өз жауабыңызда сол випзалда болғанымды айтпасаңыз ғана беремін" дейді. Ол випзалда 5-6 минут болды, Нүкенова ұйықтап, қорылдап жатқанын көрді", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу