Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жиынтық табысы өте төмен

1214

Елде мұндай ақшаны 862 мыңнан аса адам алады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жиынтық табысы өте төмен

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 5 адамның екеуінің жиынтық табысы – 70-80 мың теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгінде 2,1 млн қазақстандық өзін-өзі жұмыспен қамтып жүр. Оның 862 мыңнан астамының жиынтық табысы өте төмен – 70-80 мың теңге.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны ауылдарда басым – 57% (2021 жылдың соңындағы дерекке сәйкес).

Қалалар мен ауылдарда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арасындағы алшақтық біртіндеп қысқаруда. Мысалы, ауылда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 10 жыл бұрын – 68,8%, 5 жыл бұрын 65,2% болған, 2020 жылғы көрсеткіш – 58,5%.

2021 жылы қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 4,9%-ға өсіп, 901,5 мың адам, ал ауылдарда керісінше көрсеткіш 1,3%-ға азайып, 1,2 млн адам болды.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер мен ерлердің арасындағы айырмашылық көп емес. Мәселен, ерлердің үлесі – 54,7% немесе 1,2 млн адам, ал әйелдердің үлесі – 45,3% немесе 948,5 мың адам.

Елде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны Түркістан облысында басым – 359,9 мың адам. Кейін тізімде Алматы (278,8 мың адам) және Шығыс Қазақстан (191,4 мың адам) облыстары тұр. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жартысынан көбі қызмет көрсету саласында (1,2 млн адам), тағы үштен бір бөлігі ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында (630,3 мың адам), ал 221,3 мың адам өнеркәсіп және құрылыста еңбек етеді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу