Пайдаланылған планшеттер мектептер мен ауруханаларға беріледі

816

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Самайылов жалпыұлттық  санақта айқындалатын деректердің басым бөлігі мемлекеттік базада жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Пайдаланылған планшеттер мектептер мен ауруханаларға беріледі

Әлихан Самайыловтың сөзінше, халық санағы БҰҰ жариялаған 2020 жылғы халық және тұрғын үй қоры санақтарының Дүниежүзілік раунды аясында өткізіледі. 

"Биыл әлемнің 61 елінде санақ жүргізу жоспарланған. Білім беру, көші-қон, табыс, жұмыспен қамту, неке жағдайы, бала туу, бала тууды жоспарлау, тіл меңгеру дәрежесі, дінге көзқарасы және адамның тыныс-тіршілігін шектейтін факторлардың болуы сияқты мәселелер бойынша толық ақпаратты алуға тек жаппай санақ қана мүмкіндік береді. Мұндай деректер мемлекеттік базаларда жоқ", – деді ол. 

Үкімет басшысының бірінші орынбасары санақ жүргізу кезінде қағаздың орнына планшет қолдану шығынды азайтатынын айтты. 

"Цифрлық технологиялардың енгізілуіне, процесті автоматтандыруға және қағаз құжаттың орнына планшет қолдануға байланысты биылғы санақ 2009 жылғы санақтың шығынына қарағанда 2,6 есе аз болады. Ал дерек сапасы мен ақпарат жинау жеделдігі айтарлықтай жақсарады. Санақ аяқталған соң планшеттер мектептер мен ауруханаларға беріледі", – деді Әлихан Смайылов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу