Пайдалы қазбалардан түскен табысты қазақстандықтар ала ма?

803

 "Жер мен оның қойнауы, суы, өсімдіктері мен жануарлары, басқа да табиғи ресурстары халық меншігінде".

Пайдалы қазбалардан түскен табысты қазақстандықтар ала ма?

Дәл осындай сөйлем алдағы уақытта Ата заңға жазылмақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Осы ретте пайдалы қазбалардан түскен табысты қазақстандықтар ала алама, деген заңды сұрақ туындайды. 

Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасуловтың сөзінше, ол кезде нағыз тәртіпсіздік пен хаос болуы мүмкін. Бірақ дәл қазіргі уақытта кесіп айтуға әлі ерте деп қысқа қайырды. Үкімет пен Президенттің қатысуымен мәселе шешілетінін жасырмады.

Сондай-ақ жер, жер қойнауы, өсімдіктер, жануарлар әлемі, байлық конституциялық ереженің негізгі бөлігі, олар халыққа тиесілі екенін атап өтті. Бәрібір мемлекеттік органдар, институттар арқылы халықтың мүддесі үшін әрекет етеді деп түйіндеді. Ал энергетика министрі "жер байлығы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс" деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу