Пәкістан мен Үндістанның қарым-қатынасы Air Astana-ны шығынға батыруда

820

Пәкістанды айналып өту арқылы Үндістанға ұшып барудың салдары жол сапарын 4 сағаттан 7 сағатқа ұзартып отыр. 

Пәкістан мен Үндістанның қарым-қатынасы Air Astana-ны шығынға батыруда

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті "Эйр Астана" әуе компаниясымен бірге Үндістанға ұшу сапарларын тоқтатуға жол бермеу бойынша барлық шараларды қарастырып жатыр, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта туындаған мәселелерді шешу үшін аймақ елдерінің авиациялық билігімен келіссөздер жүруде. Оңтайлы шешімге қол жеткізілген жағдайда әуе компаниясының рейстері қайтадан орындала бастайды", – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, аймақтағы қауіпсіздікке қатысты жағдайдың эскалациясына байланысты Үндістан мен Пәкістан халықаралық рейстер бойынша әуе бағдарларын жапқан болатын. Осыдан кейін "Эйр Астана" Үндістанға Маскат (Оман) қаласына тоқтау арқылы немесе алыс магистральді ұшақты қолдану жолымен 49 рейс орындады. Бұл өзгерістер ұшу уақытын біршама ұзартқан болатын.

"Пәкістанды айналып өту арқылы Үндістанға ұшып барудың салдары жол сапарын 4 сағаттан 7 сағатқа ұзартып отыр. Осының салдарынан бір жағынан жолаушыларға жол тиімсіз болса, екінші жағынан әуе компаниясы да артық шығынға тап болуда", – дейді азаматтық авиация комитетінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу