Пәкістанның Пешавар қаласындағы полицияның штаб-пәтерінде лаңкестер жасаған жарылыс салдарынан үш полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.
"Бастапқыда үш лаңкес штаб-пәтерге шабуыл жасамақ болған. Олардың бірі қақпа маңында бомбаны жарып жіберді, ал қалған екеуі ішке өтпек болған, бірақ полицейлер оларды атып өлтірді", – деп хабарлады полиция.
Жарылыс салдарынан үш тәртіп сақшысы көз жұмды, тағы екеуі жарақат алған.
Оқиға қаладағы халық көп жүретін көшелердің бірінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08:00 шамасында болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу