Палата әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

555

Палата әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

Бүгін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста палата әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі.

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында қолданыстағы заңнамаға, заң техникасының қағидаларына сәйкес келтіруге бағытталған редакциялық-нақтылаушы сипаттағы түзетулер енгізілген.

Жалпы осы құжатпен жұмыс барысында жұмыс тобы 100-ден астам түзету қарастырды. Оның барлығы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге арналған.

Заң жобасында 3 кодекске және 13 заңға түзетулер енгізу көзделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу