Палестина жақтастарының агрессивті тобы АҚШ-тағы Ақ үйдің қоршауын бүлдірді

Ресми мәліметке сәйкес, ешкім қамауға алынбаған. 

Палестина жақтастарының агрессивті тобы АҚШ-тағы Ақ үйдің қоршауын бүлдірді Фото: Wid Lyman/X

Сенбі күні кешкісін Ақ үй маңында наразылық шарасы өтіп, Палестина жақтастарының агрессивті тобы қоршауды бүлдірді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, шеру қарқын алған кезде ғимарат қызметкерлері мен БАҚ өкілдері сақтық шарасы ретінде эвакуацияланды. Қоршау жартылай ауыстырылды және наразылық білдірушілер қорғалатын аумаққа кірмеу үшін полицияның шара қолдануына тура келді.

Сонымен қатар, құпия қызмет өкілдері Ақ үйдің қоршауы бүлінгенімен, оның ішіндегі әкімшілік ғимараттар бұзылмағанын мәлімдеді.

Ал кейбір наразылық білдірушілер үкімет қызметкерлеріне су құйылған бөтелкелер мен Палестина туының таяқшаларын лақтырса, басқалары қоршаудан асып кетпек болған.

Ресми мәліметке сәйкес, ешкім қамауға алынбаған.

Мыңдаған наразылық білдіруші АҚШ президенті Джо Байденге қарсы негативті ұрандар айтып, оны Газа секторындағы израильдік әскери әрекетті тоқтатуға шақырды.

"Сіз балаларды өлтіруді қолдайсыз!", "Байденнің қолы қанда", "Газа аман болсын" - деп ұрандады наразылық білдірушілер.

Бұдан басқа, митингіде 100 күнге созылған қақтығыста Газа секторында қаза тапқандардың көптігі айтылды.

Сондай-ақ, Джо Байден әкімшілігінің өткен айда еврей мемлекетіне құны 106 миллион доллар болатын 14 мыңға жуық танк оқ-дәрілері арқылы Израильге қолдау білдіргені талқыға салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу