Палестинадағы соғыс ұзаққа созылады — Израиль басшысы

309

Израиль Газа аумағында ауыр әрі ұзақ соғыс жүргізіп жатыр, біз жеңіске жетпегенше кері шегінбейміз. 

Палестинадағы соғыс ұзаққа созылады — Израиль басшысы Фото: freepik.com

Бұл туралы еврей мемлекетінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Қазір ең ауыр сәтті бастан кешіріп жатырмыз. Соғыс ұзаққа созылады. Ұрыс алаңында біраз ілгеріледік, бірақ қаншама азаматтарымыздан айырылдық. Сондықтан, біз алға қойған мақсатты орындағанша жалғастырамыз, жеңіске жетеміз", - деп жазды Нетаньяху Х әлеуметтік желісінде.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) соғыс басталғалы бері Газа секторындағы "террористік ұйымдарға" тиесілі 11000-нан астам нысанға соққы берді. Яғни, қарулы қақтығыстың алғашқы 25 күнінде орташа есеппен тәулігіне 440-тан астам шабуыл жасалды деген сөз.

Рамалладағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, жалғасып жатқан Газа секторындағы соғыс 8400-ден астам адамның өмірін қиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу