"Палестинаға көмек": Данияр Елеусінов бокс қолғаптарын аукционға қойды

799

Боксшы аукционнан түскен ақшаны соғыста жапа шеккен Палестина халқына көмек ретінде аудармақ.

"Палестинаға көмек": Данияр Елеусінов бокс қолғаптарын аукционға қойды Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6КО) Рио Олимпиадасының финалында рингке киген қолғаптарын аукцион арқылы сатуға шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Боксшы аукционнан түскен ақшаны соғыста жапа шеккен Палестина халқына көмек ретінде аудармақ.

Естеріңізге сала кетейік, Риодағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалында Елеусінов өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты жеңіп, содан кейін кәсіпқой боксқа ауысуға бел буды.

Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-1, 4 КО) жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу