Панамада халық наразылығы басылмай тұр

181

Ел билігі бұған дейін көпшілікке ұнамайтын жаңа зейнетақы заңын енгізген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Панамада халық наразылығы басылмай тұр Фото: AFP

Жаппай наразылықтар мен күш қолдану әрекеттерінің өршуіне байланысты елдің Бокас-дель-Торо провинциясында төтенше жағдай жарияланды. Режимнің енгізілгені туралы ел президенті әкімшілігінің басшысы Хуан Карлос Орильяк хабарлаған.

"Министрлер кабинеті Бокас-дель-Торо провинциясының бүкіл аумағында бес күнге төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады", – делінген оның әкімшілік блогында әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдемесінде.

Билік Конституцияның сегіз бабының, соның ішінде еркін жүру және жиналу құқықтарын тоқтатты. Орильяк бұл шаралар қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін және демократиялық институттарды қорғау үшін қабылданғанын атап өтті.

Жаппай наразылықтар 28 сәуірде басталды. Оған себеп — президент Хосе Рауль Мулиноның №462 заңға қол қоюы болды. Кәсіподақтардың айтуынша, бұл заң зейнетақы жағдайын едәуір нашарлатады және азаматтарды өмір бойы жұмыс істеуге мәжбүрлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу