banner

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 1,4 млн адам коронавируспен ауырды

491

Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 6,6 миллионнан асты. 

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 1,4 млн адам коронавируспен ауырды Фото: vlast.kz

2022 жылдың 31 қазанындағы деректерге сәйкес,  COVID-19  жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 229 ел ішінен 55-орында тұр. Пандемия басталғаннан бері елімізде 1,4 млн адам коронавируспен ауырды, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Антилидерлер қатарында АҚШ, Үндістан, Франция, Германия және Бразилия елдері бар. Ең соңғы орында Батыс Сахара орналасты. Қытайда коронавирусты жұқтырудың 260 мың жағдайы тіркеліп, 107-орынға тұрақтады.

ТМД елдерінің елімізге қарағанда COVID-19  жұқтырғандардың көп саны Ресей мен Украинада* байқалды. Беларуссия (994 мың жағдай), Әзірбайжан (823,2 мың жағдай), Молдова (593,2 мың жағдай), Армения (445,1 мың жағдай), Өзбекстан (244,6 мың жағдай), Қырғызстан (206,4 мың жағдай), Тәжікстан (17,8 мың жағдай) елдерінде төмен көрсеткіштер тіркелген.

Ресми статистикаға сәйкес Қазақстанда COVID-19-дан 13,7 мың адам қайтыс болды.

Республика бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының көп саны Астана (264,8 мың жағдай), Алматы қалаларында (257 мың жағдай) және Қарағанды облысында (161,2 мың жағдай) тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 10,8 млн адам, екіншісін 10,6 млн адам салдырды. Вакцина алу бойынша Түркістан және Алматы облыстары, Алматы қаласы көш бастады.

Our world in data деректеріне сәйкес елімізде вакциналардың толық дозаларымен вакцинациялау үлесі 54,7%-ды құрады. ТМД елдері арасында Беларусьте бұл көрсеткіш 67,2% болған. Ресейде вакцинация деңгейі – 53,5%, Тәжікстанда – 51,5%, Өзбекстанда – 49,7%, Әзірбайжанда – 46,9%, Украинада* – 38,2%, Арменияда – 35,5%, Молдовада – 32,7%, Қырғызстанда – 20,4%.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 138,9 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғыға қарағанда 15,6%-ға артты. Нақты өсім – 12,7%.

Республика бойынша инвестициялардың ең көп көлемі Астанаға тиесілі (34,9 млрд теңге). Үштіктер қатарында Шығыс Қазақстан (13,5 млрд теңге) және Жамбыл (13 млрд теңге) облыстары орналасқан.

Инвестициялардың басым бөлігі кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен қамтамасыз етілді (48,4 млрд теңге). Ал, 47,2 млрд теңге жергілікті бюджеттер, 31,7 млрд теңге республикалық бюджет есебінен бөлінді.  Банктік емес қарыз қаражаты 6,8 млрд теңге, банктік несиелер 4,9 млрд теңгені құраған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу