Пандемия басылғаннан кейін қазақстандықтар балалармен аз уақыт өткізеді – зерттеу

366

Қазақстандық қоғамдық даму институты ел тұрғындары арасында социологиялық зерттеу жүргізді. 

Пандемия басылғаннан кейін қазақстандықтар балалармен аз уақыт өткізеді – зерттеу Фото: Massaget

Оған сәйкес, респонденттердің 78,25%-ы отбасылық қарым-қатынасына толығымен көңілі толған, 17,08% – қанағаттанған, ал 3,67%-ы қанағаттанбайтынын айтқан, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Сарапшылардың сөзінше, сауалнамаға қатысқандардың соңғы санатында отбасылық қарым-қатынас бұзылуының қаупі бар.

Бұдан басқа сатып алу қабілеті төмен сауалнамаға қатысқандар "отбасындағы қарым-қатынасқа қанағаттанбаймын" деген нұсқаны жиі таңдаған.  Үйінде азық-түлікті сатып алуға ақшасы жетпейтін респонденттердің 12,5%-ы отбасылық өмірге қанағаттанбайтынын мойындаған. Ал, қаражаты барлығына жететіндердің көрсеткіші небәрі 1,9%-ды құрады.

Сауалнамаға сәйкес қазақстандық ата-аналар балаларын еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге жиі мән береді: 2022 жылы бұл көрсеткіш 33,8% болды. Құндылықтар арасында екінші орында өзін-өзі бағалау жатады (отбасылардың 31,8%-ы). Бұдан бөлек негізгі құндылықтардың қатарында адалдық пен әділеттілік (отбасылардың 31,7%-ы), үлкенге (25,3%) және барлық адамға құрмет те (16,6%) бар.

Аталған құндылықтар арасында прагматизм, басқа халықтардың мәдениетін, тілдері мен дәстүрін құрметтеу, тәуелсіздік пен бостандыққа ұмтылу ең аз танымалдыққа ие болған.

Респонденттердің 86,4%-ы отбасы мүшелерінің туған күндерін бірге тойлайды. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде отбасыларда мемлекеттік мерекелер және басқа да (58,8%) мерекелер, діни рәсімдер (34%) атап өтіледі.

Сауалнамаға қатысқандардың 31,8%-ы түскі ас пен кешкі аста отбасымен бірге болса, 21,8%-ы кино, театр және басқа жерлерге бірге баратынын айтқан. Бұл ретте ззерттеу нәтижесі бойынша қазақстандықтардың 3,4%-ында мұндай отбасылық дәстүрлер мүлдем жоқ.

Ресурстың жазуынша, COVID-19 пандемиясының басылуымен және онымен байланысты шектеулердің жойылуымен ата-аналар балалармен аз уақыт өткізеді. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің тек 45,5%-ы бос уақытын балалармен бірге өткізетінін айтқан, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 50,3%-ды құрады, 2020 жылы – 57,9%.

Респонденттердің 17,7%-ы күн сайын жиналуға тырысатынын айтса, тағы 9,8%-ы тек мереке күндері ғана балаларымен бірге болады. Ал, 6,5%-ы аптасына 2-3 рет бірге уақыт өткізсе, жауап берушілердің 6%-ы балалармен сирек уақыт өткізетінін, 0,9%-ы бос уақытын ешқашан балалармен өткізбейтінін атап өткен.

Осы жылдың басында республикадағы халық саны 19,8 млн адамды құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 1,4%-ға артық. Оның ішінде 6,7 млн-ы – 18 жасқа дейінгі азаматтар. Соңғы бірнеше жылда халық санының жылдық өсімі 1,3%-1,5% құрады. Бірақ та, 2022 жылдың басында бұл көрсеткіш 3,3%-ға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу