Пандемия: бизнестегі ерлерге қарағанда әйелдер көбірек зардап шекті

571

Еліміздегі экономикалық белсенді тұрғындардың 48,4%-ы – нәзік жандылар. 

Пандемия: бизнестегі ерлерге қарағанда әйелдер көбірек зардап шекті

БҰҰ мен Дүниежүзілік банктың зерттеуіне сүйенсек, шағын және орта бизнес сегментіндегі әйел кәсіпкерлер пандемия кезінде ерлермен салыстырғанда шығынға көбірек батып отыр. Індетке дейінгі мәселелер қазір тіпті өршіп барады: мектептер жабық болғасын, әйелдер уақыттың басым бөлігін бала тәрбиесіне, оның оқуына бөлуге мәжбүр. Сонымен қатар оларға бизнестің күрт онлайнға көшуі қиынға соғып отыр. Оның үстіне карантиндік шаралардың кесірінен тұрмыстық зорлық белең алды.

Елімізде әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы маңызды рөл атқарады. Ranking.kz басылымының дерегіне сүйенсек, халықтың 51,5%-ы және экономикалық белсенді тұрғындардың 48,4%-ы – нәзік жандылар. Ал ЖІӨ-нің құрылуына қосып жатқан үлесі шамамен 40%-ға жеткен. Тамыз айының басында 1,1 млн жеке кәсіпкер тіркелген болатын. Оның 46,9%-ын немесе 496 мыңын әйелдер басқарады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу