Пандемия кесірінен Азиядағы 80 миллион адам кедейшілікке тап болды

768

2017 жылы шамамен 203 миллион адам немесе Азиядағы дамушы елдер халқының 5,2%-ы ауыр кедейшілік жағдайында өмір сүрген. 

Пандемия кесірінен Азиядағы 80 миллион адам кедейшілікке тап болды

Коронавирус пандемиясы салдарынан Азиядағы дамушы елдердің 80 миллион тұрғыны кедейшілікке тап болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Азия даму банкінің баяндамасына сілтеме жасап.

"Өткен жылы 75-80 миллион адамның жағдайы нашарлап кетті. Олар – күніне 1,9 доллар жұмсайтын адамдар", – деп жазылған құжатта. 

Баяндама авторларының сөзіне сүйенсек, 2017 жылы шамамен 203 миллион адам немесе Азиядағы дамушы елдер халқының 5,2%-ы ауыр кедейшілік жағдайында өмір сүрді. Мамандар COVID-19 індеті болмаса, бұл көрсеткіш 2020 жылы 2,6%-ға дейін азаятын еді деген пікірде.

"Азия-Тынық мұхиты аймағы керемет жетістіктерге жетті, бірақ пандемия аймақтың тұрақты және инклюзивті дамуын тежеп тастады", – дейді банктің бас экономисі Ясуюки Савада.

Табиғат Нұрболат

Фото: kommersant.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу