Пандемия кезінде байлардың дәулеті тасыды

702

Пандемия кезінде байлардың дәулеті тасып, кедейлердің ішерге асы қалмады. 

Пандемия кезінде байлардың дәулеті тасыды

Карантин қыспаққа алғанда бақуаттылар табысын еселеп арттырды. Сәйкесінше, әлемде магнаттардың саны көбейіп, 56 млн-нан асты.  Олардың жиған-тергені 418 трлн долларға жеткен, деп хабарлайды Atameken Business.

Мұндай кіріс дамыған елдердің Үкіметі мен банктерін шалқасынан түсірген. Себебі мұндай рекордтық өсім соңғы рет 20 жыл бұрын болған. 

Бір қызығы бай адамдар санының өсуі бойынша Қазақстан топ-8 елдің қатарына енді. Өткен жылы сіз бен біз 42 500 теңгені жырлап жатқанда, миллионерлер саны 33 пайызға артқан. Тіпті өсім жағынан Американы артта қалдырыппыз. Алдымызда Индонезия, Үндістан, Польша, Швеция сияқты мемлекеттер бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу