Пандемия кезінде құмар ойындарға сұраныс артты

801

Алайда аталған салада жұмыс істейтін компаниялар саны қысқарған.

Пандемия кезінде құмар ойындарға сұраныс артты

Биылғы жылы бәс тігу мен құмар ойындар саласында көрсетілген қызметтер көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артты. Осылайша 2020 жылдың үш тоқсанында қызметтер сомасы 19,2 млрд теңгеге жетті. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары нәтиже, деп хабарлады ranking.kz. 

Алайда аталған салада жұмыс істейтін компаниялар саны қысқарған. Жыл басында елімізде бәс тігу мен құмар ойындар саласында жұмыс істейтін 94 кәсіпкерлік нысан тіркелді. Бұл өткен жылдан 10 компанияға аз. Мұндай үрдіс үш жылдан бері жалғасып келеді. 

Өңірлер бойынша сектордағы қызметтердің тең жартысы – 9,6 млрд теңге Алматы облысына тиесілі. Бір жылда көрсеткіш 33,9%-ға жоғарылаған. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (4,5 млрд теңге), Ақмола облысы (2,1 млрд теңге), Алматы (1,9 млрд теңге) және Жамбыл облысы (1 млрд теңге). Ал өзге өңірлерде компаниялардың 0,2%-ы шоғырланған. 

Бұл сегменттергі нысандар жеке және шетелдік компаниялар болып табылады. Жеке компаниялар биыл 11 млрд теңгеге қызмет көрсетсе, шетелдік компаниялардың нәтижесі 8,2 млрд теңге. Биыл сырттан келген кәсіпкерлік субъектілері көрсеткен қызметтер көлемі 3,5 есе өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу