Пандемия көптеген тиімсіз бағдарламаларды айқындады

813

Саясат Нұрбек: әлемде болып жатқан өзгерістер реформалар енгізуге өте жақсы мүмкіндік туғызып отыр.  

Пандемия көптеген тиімсіз бағдарламаларды айқындады

Пандемия қоғамға көптеген өзгерістер алып келді. Мәселен елімізде жұмыс істемейтін, тиімсіз бағдарламаларды айқындады, деп мәлімдеді "Азаматтық алаңы" пікірталас орталығында "Пандения және санадағы өзгеріс" тақырыбында өткен тікелей эфир барысында белгілі саясаттанушы Саясат Нұрбек.

"Пандемия біздің өмірімізге алып келген өзгерістердің бірі – меритократия, яғни, қоғамда  адамдар материалдық жағдайына қарай емес, қабілетіне қарай теңесті. Яғни, індетті "Ұлы теңеуші" деп атауға болады. Екіншіден бұл жағдайлар еліміздегі тиімсіз, керексіз, жұмыс істемейтін қағидаттарды, бағдарламаларды әшкереледі. Үшіншіден бұл жағдайлар реформалар, жаңалықтар енгізуге өте жақсы мүмкіндік туғызып отыр. Пандемия көпшіліктің көзін ашты. Осы мүмкіндікті біз пайдалана аламыз ба? Ең үлкен сұрақ осы", – деді саясаттанушы.

Сонымен қатар Саясат Нұрбек қашықтықтан оқыту сынды өзгерстерге әлемде тек Қытай дайын болғанын айтады.

"Әлемде 191 мың мемлкет онлайн білім беруге көшті. Алайда оған Қытайдан басқа ешбір мемлекет дайын болған жоқ. Қытай 180 млн оқушыға 7, 5 мың сервер әзірледі. Қазір осы оқушылардың барлығы онлайн білім алуда. Сонымен қатар дүниежүзінде цифрлік сауаттылық бірінші орынға шықты. 2018 жылы әлемде 14 жастағы оқушылар арасында халықаралық цифрлық сауаттылық бойынша зерттеу жүргізілген. Еліміз сол рейтингтің соңынан табылды. Өкінішке орай ол біздің оқушыларымыздың, балаларымыздың цифрлық сауаттылығының төмен екенін көрсетті", – деді BTS Digital білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу