Пандемия сабағы: Алғаш рет қабылданған биологиялық қауіпсіздік туралы заңда не айтылған?

668

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуына қарағанда, болашақта әрбір ықтимал қауіп үшін (инфекциялар тарауы) назар аудару хаттамалары (сценарийлер) әзірленетін болады. Онда мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың төтенше жағдайлар кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылының алгоритмдері жасалады. Себебі коронавируспен күресте заңнамалық кемшілік салдарынан ведомстволар өзара үйлесімді әрекет ете алмаған.

Пандемия сабағы: Алғаш рет қабылданған биологиялық қауіпсіздік туралы заңда не айтылған?

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бұған дейін "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында айтқан.

"ВАК-тың (ведомствоаралық комиссияның) 2 мың шешімінің ең көп бөлігі осындай тәртіп мәселелеріне байланысты болғанын айтқым келеді. Себебі күн сайын алдымыздан жедел шешуді қажет ететін жаңа қиындықтар туындап тұрды", – деген болатын ол.

Жоғарыда аталған биологиялық қауіпсіздік туралы заңды бүгін сенат депутаттары қабылдады.

"Аса қауіпті патогендермен жұмыс істеу үшін даярлықтан өткен білікті мамандардан кадр резервін қалыптастырылады, қажет болған жағдайда олар аса қауіпті патогендермен жұмыс істеуге (төтенше жағдайлар, пандемия, басқа елдерге көмек көрсету) жұмылдырылады. Патогенді биоагенттермен жұмыс істейтін объектілерді материалдық-техникалық жарақтандыру халықаралық стандарттарға сәйкес келтіріледі. Ғылыми-техникалық әлеует пен ресурстарды мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жоспарланып отыр", – деді баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Пандемия сабақтарын ескере отырып, заң жобасында халықтың хабардар болу деңгейін арттыру және оның қауіпті биофакторлардың әсеріне назар аударуға дайындығы жөніндегі шаралар қарастырылған. 

Сондай-ақ кадрлық әлеуетті сақтау және нығайту үшін ынталандыру шаралары көзделген. Мемлекеттік ұйымдардың тәуекелге неғұрлым бейім мамандары мен қосалқы персоналына еңбекақы төлеу арттырылады, сауықтыру жөніндегі жәрдемақылар белгіленеді.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу