Пандемия салдарынан Парламент ашықтықтан айырылды

913

Мәселен бүгін бейсенбі Жоғарғы палатаның жалпы отырысы өтетін күн.  

Пандемия салдарынан Парламент ашықтықтан айырылды

Жалпы соңғы уақытта пандемия деп Парламент ашықтықтан айырылғандай, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.    
Сенаттың жиыны жоспардағыдай өтіпті. Алайда әдеттегідей тікелей эфирде көрсетілмеді. Есесіне бірнеше сағаттық жиыннан 42 секундық видео ғана таратылды. Білгеніміздей отырыста Жоғарғы соттың судьялары сайланған. Сондай-ақ, бірқатар маңызды заңдар қабылданыпты. Жұртқа міндеттелген салық туралы, әр адамның мүлкін есепке алатын жалпы халықтық декларация мен шетел валютасындағы несие жайындағы, Аудиттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңдар мақұлданып кеткен. Еске салсам, өткен дүйсенбідегі қос палатаның бірлескен отырысы да тікелей көрсетілмеген. Осылайша халыққа тікелей қатысты заңдар халықтың назарына ұсынылмады.Біз депутаттардың мұндай әрекетінің дұрыс-бұрыстығын білмекке саясаттанушыларға хабарластық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу