Пандемия жағдайында интернет №1 қажеттілікке айналуда

953

Сонымен қатар елімізде интернет жылдамдығы артты.

Пандемия жағдайында интернет №1 қажеттілікке айналуда

Технологияларды дамыту және цифрландыру жағдайында интернет сапасының маңыздылығы мемлекет пен халықтың басты басымдығына айналуда, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Интернет сапасының негізгі критерийлерінің бірі – жылдамдық. Қазақстанда соңғы бір жылда интернет жылдамдығының өсу қарқынының оң динамикасы байқалды. 2021 жылға дейін елдегі интернет жылдамдығы іс жүзінде бұрынғы деңгейде сақталды. Бірақ 2021 жылдың басынан бері жағдай өзгерді. Биылғы жылдың қазан айында мобильді интернет жылдамдығы 31,93 Мбит/с құрады. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 63,6%-ға артық.

Сонымен қатар Қазақстандағы интернет жылдамдығы Арменияны қоспағанда, бүкіл Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне қарағанда жоғары.

Оң динамика ұялы байланыс операторлары қабылдаған шараларға, соның ішінде секторға инвестицияның айтарлықтай артуына тікелей байланысты. Мәселен, 2020 жылға дейін ақпарат және коммуникациялар саласындағы негізгі капиталға инвестиция өсті, кейін айтарлықтай төмендеді.  

Дегенмен қазірдің өзінде 2020-2021 жылдары секторда инвестициялық белсенділіктің айтарлықтай артуы байқалады. Мәселен, 2021 жылдың он айының қорытындысы бойынша телекоммуникация саласына салынған күрделі салымдар көлемі 96,5 млрд теңгені, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 95,5 млрд теңгені құраса, 2016-2019 жылдарды алсақ, сома тек 46-55 млрд теңге шамасында ғана болды.

Айта кетерлігі, ЕАЭО елдеріне қарағанда, Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық секторға көбірек қаржы құйылады (ортақ аумақтары мен халқы бірнеше есе көп Ресейді қоспағанда). Мысалы, егер Қазақстанда 2020 жылдың соңына қарай бұл салаға салынған күрделі салымдар 409 млн долларға жетсе, Беларусьте олардың көлемі 292 млн долларды, Қырғызстанда 47 млн долларды, Арменияда 19 млн долларды құрады.

Қазақстандағы инвестицияның барлық дерлік көлемі – сектор портфелінің 99%-ы тікелей бизнестің мойнына түскенін айта кеткен жөн. Бюджеттік капитал іс жүзінде тартылмады. Ал экономиканың басқа салаларында қаржыландырудың айтарлықтай үлесін бюджет қаражаты құрайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу