Пандемиядан қай сала көп зардап шекті

1123

3-тоқсанда бірқатар салаларда бағаның өсуі баяулаған.

Пандемиядан қай сала көп зардап шекті

Өндіруші, өңдеуші, құрылыс, сауда, ауылшаруашылығы, көлік саласында шикізат пен материалдар және дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулаған. Бұл туралы сектор кәсіпорындарына жүргізілген пікіртерімнің қорытындысы көрсетеді, деп хабарлады Ұлттық банк. 

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың айтуынша ауылшаруашылығында, құрылыс пен көлікте өндірістік қуаттарды жүктеу деңгейі көтерілген. Барынша жоғары деңгей тау-кен өндіру саласында (61,1%), төмен деңгей – құрылыста (51,4%) сақталып отыр. 

Респонденттердің айтуынша, барлық салаларда бәсекелестік жоғары деңгейі бұрынғысынша сақталып отыр. Кәсіпорындардың 42,4%-ы негізінен сауда кәсіпорындары нарықтық бәсекелестіктің әсеріне ұшырауға барынша бейім болып келеді. Бұл ретте ең аз үлес ауылшаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібінде байқалды (тиісінше 19,0% және 14,6%).

Сауалнама қорытындысына сүйенсек пандемия салдарынан барлық салалар салалар, оның ішінде әсіресе құрылыс саласы көп зардап шеккен.

Пікіртерімге барлығы 2,6 мыңнан астам өндіруші және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауылшаруашылығы, көлік және қоймалау кәсіпорындары қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу