banner

Пандемиядан кейін елімізде бала туу көрсеткіші азайды - ranking.kz

871

Өткен жылы республикада 403,9 мың нәресте жарық дүние есігін ашты. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 42,6 мыңға аз. 

Пандемиядан кейін елімізде бала туу көрсеткіші азайды - ranking.kz Фото: ranking.kz

Елімізде соңғы 20 жылда жаңа туған сәби саны алғаш рет бір жылда 9,5%-ға төмендеді, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, 2020-2021 жылдардағы пандемия кезеңінде туу көрсеткіші жоғары болған.

Былтырғы статистикаға сәйкес, жаңа туған нәрестелер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады. Өңірде былтыр 58,2 мың нәресте дүниеге келді. Үздік үштік қатарында Алматы қаласы мен Алматы облысы бар.

2023 жылдың үш айында республикада 93,5 мың сәби өмірге келген.

"Бала туу көрсеткіші бойынша Қазақстан өңірлерін екі санатқа бөлуге болады: жоғары көрсеткіштер тіркелетін оңтүстік пен батыс, жаңа туған нәресте саны айтарлықтай аз солтүстік, шығыс және орталық өңірлер. Республикадағы бала туу көрсеткішінің төмендеуі нәресте бумынан кейінгі кері кетуден бөлек, бірқатар әлеуметтік және демографиялық факторға байланысты. Біріншіден, былтыр елде некеге тұру көрсеткіші 8%-дан астамға азайды. Екіншіден, урбанизацияға және елдегі әйелдердің әлеуметтік рөлінің біртіндеп өзгеруіне байланысты олардың бірінші некеге тұру жасы артып отыр", - делінген материалда.

Оған сәйкес елдегі еңбекке тартылған әйелдердің орташа жасы 2022 жылдың соңына қарай 31,5 жасты құраған. Қалалық жерлерде бұл көрсеткіш одан да жоғары болды: 2022 жылы – 31,9 жас.

"Үлкен қалаларда әйелдер одан біршама жоғары жаста босанады: Астанада – 32,5 жаста, Алматыда – 32,3 жаста", - деп жазылған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу