Панфилов ауданы бақ өсіруде алдыңғы қатарға шықты

1503

Панфилов ауданы бақ өсіруде алдыңғы қатарға шықты

Алматы облысында бақ өсіру ісі қайта жанданып келеді. Солардың ішінде Панфилов ауданының қосып отырған үлесі зор. Бүгінгі күні ауданда 2005 га бақ, 176 га жүзімдік бар. Бұл туралы Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаев Пенжім ауылдық округінде өткізген есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының Алматы облысына келген сапарында берген тапсырмаларының бірі бақ өсіру мен алманы жаңғырту ісі болатын. Облыс басшылығының жіті қадағалауында тұрған бұл тапсырманы орындауға облыстың барлық аймағы, соның ішінде Панфилов ауданы да атcалысуда. Мәселен, 2015-2016 жылдары "Жаркент-Фрукт" ЖШС қарқынды жұмыс жүргізіп, 1110 гектар жерге әртүрлі сортты бақ отырғызды. Атап айтқанда, оның 578 гектары - алма, 405 га – қызыл шие, 74 га – шабдалы, 40 га – қара өрік, 13 га – алмұрт. Сол аумақтың 988 гектарына тамшылатып суғару әдісін қолданылады. Серіктестікте бүгінгі күні 442 адам жұмыс жасайды. 2017 жылы осы кәсіпорын сұрыптау және сақтау цехтарын ашуды жоспарлап отыр, оның инвестициясы – 3,0 млрд теңге.

Сонымен қатар жыл басынан бері аудандағы шаруашылықтар жалпы құны 476,0 млн теңге құрайтын 109 жаңа техника сатып алған. Мұның сыртында ауыл шаруашылығында сервистік-дайындау орталығы құрылды.

Жалпы ауыл шаруашылығы саласында аудан бойынша жалпы өндірілген өнімнің құны 35,1 млрд  теңгеге жетіп, нақты көлем көрсеткіші 102,7 пайызды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу