Папуа-Жаңа Гвинеяда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18-ге жетті

852

Папуа-Жаңа Гвинеяда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18-ге жетті

Папуа-Жаңа Гвинеяда қуаты 6,7 балдық жер сілкінісі болып, 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Зілзала ошағы Жаңа Гвинея аралындағы Менди қаласынан батысқа қарай 117 шақырым жерде тіркелді. Қазір апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, ақпан айының 26-сы күні Папуа-Жаңа Гвинеяда бұдан да күшті 7,5 балдық жір сілікінісі болып, 80 адам қаза тапқан еді. Алғашқы зілзаладан кейін тағы көптеген шағын дүмпулер тіркеліп, аймаққа едәуір залалын тигізді. Кей өңірлер электр қуатының желісінің бүлінуінен әлі күнге дейін жарықсыз отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу