Жарыс аясында құрамына 40-қа жуық адам кірген Funduk Team инклюзивті командасының 10 экипажы стартқа шықты.
Әр экипаж бір штурманнан – инклюзивті қатысушыдан және оған қашықтықты еңсеруге көмектескен үш пилоттан тұрды.
Мұндай бастамалар инклюзивті ортаны дамытуға және қалалық кеңістікті барлық тұрғын үшін қолжетімді әрі жайлы ету қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.
"Мен үшін мұндай марафонға қатысу – ең алдымен ірі спорттық іс-шараның атмосферасын сезініп, осы іс-шараның бір бөлігіне айналу мүмкіндігі. Көрермендердің қолдауын сезіну және осындай іс-шаралардың барлық қатысушы үшін барған сайын қолжетімді болып келе жатқанын көру қуантады", – деді жарысқа қатысушылардың бірі.
Айта кетейік, биылғы Astana Half Marathon жарысы әлемнің 30-дан астам елінен келген шамамен 7000 қатысушыны біріктірді. Марафон бағыты елорданың негізгі көшелері мен көрікті орындарын қамтыды.
Іс-шара бағдарламасында 21,1 шақырым, 10 шақырым, скандинавиялық жүріс және "Экиден" командалық эстафетасы бойынша жарыстар өтті.