Парақорлыққа делдал болғандар көбейген

1405

Қазақстанда пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін жауапкершілік күшейтілсе де, олардың қатары азаймай отыр.

Парақорлыққа делдал болғандар көбейген

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте "Transparency Kazakhstan" ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян: "әдетте делдалдықты белгілі бір мемлекеттік мекеменің қызметкері жүргізсе, кейінгі кезде бұл іске қарапайым азаматтар да кірісіп кеткен", – дейді.

Жемқорлық деңгейін анықтау сауалнамасына қатысқан респонденттердің пікірінше, "бейресми келіссөздердің" жартысына мемлекеттік орган қызметкерлерінің өздері бастамашы болса, әр төртінші жағдайда делдалдар араласады. 

Мәселенің жемқорлық жолмен шешілуіне делдалдардың үлесі бір жылдың ішінде 6%-ға артқан.

"Екі жақты бейресми "келіссөздер" жүргізетін делдалдардың көбеюін респонденттер мемлекеттік органдардың қажетті мәліметті халыққа дер кезінде дұрыс жеткізбеуінен көріп отыр. Керекті ақпараттың жеткіліксіздігі әсіресе, карантин кезінде көп байқалған. Жалпы, былтырғы жылдың мониторинг нәтижесіне сүйенсек, пара көлемі 1 мыңнан 300 мың теңге аралығын құраған", – дейді Ольга Шиян.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу