Paramount Ресейдегі Nickelodeon, Paramount Channel арналарының хабар таратуын тоқтатты

687

Бұл тізімде Paramount Comedy және MTV-де бар. 

Paramount Ресейдегі Nickelodeon, Paramount Channel арналарының хабар таратуын тоқтатты

Ресейде бірқатар операторлар арналарының көрсетілімін тоқтатты, деп жазды inbusiness.kz. 

Атап айтқанда, арналар VimpelCom және Rostelecom (MOEX: RTKM) пайдаланушылары үшін жұмысын тоқтатты. 

"Құрметті көрермендер! Бізге байланысты емес себептермен Ресей Федерациясының аумағында арнаның хабар таратуы уақытша тоқтатылды", –деп жазды оператор.  

"Ростелеком" телеарналар "авторлық құқық иесінің өтініші бойынша" қолжетімсіз болып деп хабарлады. 

Бұған дейін "The Cable Guy" салалық телеграм-арнасы операторлар Paramount-тан 28 сәуірден бастап арналар тобын өшіру туралы хабарламалар ала бастағанын мәлімдеген. 16 наурызда компания санкцияларға байланысты осылай жасауға ниетті екенін мәлімдеді.

Осылайша, көрші елде VH1 European, Nickelodeon, Nickelodeon HD, NickToons, NickToons HD, Nick Jr., MTV HD, MTV Live HD, MTV Rocks, Paramount Channel HD, Paramount Comedy және Paramount Comedy HD арналары өшіріледі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу