Париж-2024: Қазақстандық спортшылар 80 халықаралық рейтингтік турнирге қатысады

315

Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады.

Париж-2024: Қазақстандық спортшылар 80 халықаралық рейтингтік турнирге қатысады Фото: Известия

Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстанның құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Спорт және туризм министрлігіне сілтеме жасап.

Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады.

Осы жарыстардың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Париж Олимпиадасына 100-ге жуық лицензия алуды жоспарлап отыр.

"Қазақстан командасын Париждегі олимпиадаға дайындау үшін ҚР Туризм және спорт министрлігі Ұлттық құраманың жұмысын ұйымдастыруға арналған жедел штаб құрды. Сондай-ақ, жазғы спорт түрлері бойынша спортшылар мен еліміздің штаттық құрама командаларын даярлау және олардың Олимпиада – 2024-ке қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама бекітілді", - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу