Париж маңында тәртіпсіздіктер болды

450

15 адам ұсталды.

Париж маңында тәртіпсіздіктер болды Фото: Le Monde

Париждің маңындағы Нантер қаласында 17 жасар жасөспірім полиция оғынан көз жұмды. Оның арты қаладағы тәртіпсіздіктерге ұласты, деп жазады inbusiness.kz Le Monde басылымына сілтеме жасап.

"27 маусымда полиция қызметкерлері көлік тізгініндегі 17 жасар тұрғынды тоқтатпақ болады. Алайда жасөспірім бұл талапты орындаудан бас тартады, полицейлер оған ақ атады. Салдарынан жасөспірім көз жұмды", - делінген басылым таратқан ақпаратта.

Бұл оқиғадан соң Нантер көшелерінде тәртіпсіздіктер болды. Жергілікті тұрғындар полиция ғимаратының жанында наразылық акциясын өткізді. Кейбірі баррикадалар мен қоқыс жәшіктерін өртеп, аялдаманы қиратты. Сондай-ақ, полицияға петардалар лақтырды. 

Өз кезегінде құқық қорғау қызметкерлері көзден жас ағызатын газды қолданды.

Наразылық акциясы кезінде 15 адам ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу