Париж Олимпиадасына брейк-данс ресми түрде жаңа спорт түрі ретінде енгізілді

1355

Тізімнен карате, бейсбол мен софтбол алынып тасталды.  

Париж Олимпиадасына брейк-данс ресми түрде жаңа спорт түрі ретінде енгізілді

2024 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылық комитеті 4 жылдан кейін Парижде әлем елдерінің спортшылары спорттың қандай түрлерінен сайысқа түсетінін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Олимпиада ойындарының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Енгізілген жаңа спорттың түрі – брейк-данс. Халықаралық Олипиада комитеті іс-шаралар бағдарламасын, спортшыларға арналған тиісті квоталар мен Париждегі Олимпиада оындарындағы жаңа спорт түрлерінің интеграциясын бекітті. Ұйымдастырушылық комитеттің хабарлауынша, бағдарлама түпкілікті әрі өзгеріске ұшырамайды.
Дүниежүзілік каратэ федерациясының президенті Антонио Эспиноса өз кезегінде бұл спорт тұрақты түрде Олимпиада ойындарына оралуы керек деген пікір білдірді.

"Біз әлемге каратенің ерекше спорт түрі екенін көрсеттік. Ол арнайы спорттық дайындық пен техниканы қажет етеді. Бұл олимпиадалық қозғалысқа ұсына алатын спорт. Өйткені ол олимпиадалық құндылықтарға сәйкес келеді", – деді Антонио Эспиноса.

2024 шілдесінде Париж әлемдік Олимпиада ойындарын өз тарихында үшінші рет қарсы алады (бұған дейін жарыстар 1900 және 1924 жылдары өтті). 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу