2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан медаль саны азаяды

885

Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ауыр атлетика бағдарламасын қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ХОК-тің спорттық директоры Кит Макконнелл мәлімдеген.   

Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан медаль саны азаяды

Айта кетелік, ХОК 2024 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасынан ауыр атлетиканы алып тастайтынын да айтқан болатын.

Зілтеміршілердің допинг-сынамалары оң нәтиже көрсетіп, Халықаралық ауыр атлетика федерациясындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері өршіген соң ХОК осындай қадамға барған. 

Осыдан соң IWF-ті 20 жыл басқарған венгриялық Тамаш Аян қызметінен кетуге мәжбүр болды. 

"Рио Олимпиадасында ауыр атлетика бөлінген квота саны 260 болатын. Токио ойындарында 196-ға азайды. Ал Парижде зілтеміршілерге арналған квота 120 болмақ. Сондай-ақ, Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан жүлдегер жиынтығы азайтылады. Бұрынғыдай 14 емес, 10-ға төмендейді. Ерлер мен әйелдер арасында екі салмақ дәрежесінің алынатынын хабарлаймыз. Бірақ ХОК Париждегі ойындарда ауыр атлетика додасының өту-өтпеуін әлі нақтылаған жоқ", – дейді ХОК спорттық директоры Макконнелл. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу