Картина Christie's ұйымдастырған қайырымдылық лотереясында ойнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Париж тұрғыны 1 миллион еуро тұратын Пикассо картинасын ұтып алды. Нәтижесінде Ари Ходара жеңімпаз атанды. Ол 100 еуролық билетті соңғы сәтте сатып алған екен. Оған ұтыс туралы хабарласқанда, алаяқтар алдап отыр деп ойлапты.
Лотерея алдында 120 мыңнан астам билет сатылып, шамамен 11 миллион еуро жиналды. Жиналған қаражат Альцгеймер ауруын зерттеуге бағытталмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу