Парижде Брижит Макронға қатысты жалған ақпарат таратқандардың соты басталды

178

Айыпталушылар қатарында сегіз ер адам мен екі әйел бар. 

Парижде Брижит Макронға қатысты жалған ақпарат таратқандардың соты басталды Фото: РБК

Парижде Франция президенті Эммануэль Макронның жұбайы Брижит Макронға қатысты жалған ақпарат тарату ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотталушыларға 72 жастағы Брижит пен 47 жастағы Эммануэль Макронның жас айырмашылығына қатысты жала жабу және беделіне нұқсан келтіру бойынша айып тағылды. Олар Брижит Макрон ер адам болып дүниеге келген деген жалған ақпарат таратқан.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Брижит Макрон алғашқы сот отырысына қатыспаған және келесі тыңдауларға да қатысуды жоспарлап отырған жоқ. Дегенмен оның қызы Тифани Озьер сотта куәлік беруі мүмкін.

Айып тағылғандардың арасында сайланбалы лауазым иесі, галерея иесі, мұғалім және интернет экстрасенсі бар. Олардың бірі – Амандин Рой лақап атымен танымал 51 жастағы Дельфин Дж. Сонымен қатар өзін тәуелсіз журналист деп атайтын Натача Рей есімді айыпталушы да бар. Ол бұған дейін де Брижит Макронға жала жапты деген айыппен сотталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу