Парижде климат жөнінде ғаламдық саммит өтті

498

Екі күнге жалғасқан басқосуды Франция президенті Эммануэль Макрон ұйымдастырды.

Парижде климат жөнінде ғаламдық саммит өтті Фото: euronews.com

Қатысушылар жаһандық жылынудан зардап шегіп отырған мемлекеттерге көмек көрсету мәселесін талқылады.

"Өзгеріп жатқан климат қауіпті күшейтті. Мемлекеттер арасындағы теңсіздік ұлғайды. Пандемия бұл мәселелерді тіпті шиеленістіріп жіберді. Ондаған жыл бойы тиімді жұмыс істеп келе жатқан әлемдік қаржы жүйесі жаңа сын-қатерлерге дайын болмай шықты. Сондықтан біз өзгерістерге бейімдеуіміз керек," – деді Франция президенті Эммануэль Макрон.  

Франция президентінің айтуынша, кедей елдерге климаттың өзгеруімен күреске 100 миллиард доллар бөлу туралы міндеттемеге нүкте қойылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу