Парижде пышақпен жасалған шабуылда бір адам қаза тапты

255

Қаскөй радикалды діни ағымның жетегінде кеткен.  

Парижде пышақпен жасалған шабуылда бір адам қаза тапты Фото: AP Photo

Парижде пышақпен жасалған шабуылдан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Сенбіде Парижде қаскөй бір адамды пышақтап, екіншісін жарақаттады, оны қамауға алар кезде "Аллах Ақбар" деп айқайлады", - деп хабарлайды агенттік.

Агенттік дереккөздерінің мәліметіне сүйенсек, қаскөй 1997 жылы дүниеге келген, радикалды діни ағымның жетегінде кеткен, сондай-ақ оның психикалық ауруы бар.

Ол француз және Францияда дүниеге келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу