Париждің орталығындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 37-ге дейін өсті

496

Төрт адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Париждің орталығындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 37-ге дейін өсті Фото: dw.com

Париждің жұртшылығын дүр сілкіндірген жарылыстан зардап шеккендердің саны 29-ға дейін өсті, бірақ шұғыл көмекке мұқтаж адамдардың саны төртке дейін қысқарды. Тағы екі адам үйінділердің астында болуы мүмкін деп хабарланды, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға Франция астанасының бесінші ауданында, Люксембург бағы мен Пантеонға жақын жерде, Сен-Жак, 277 мекенжайы бойынша орналасқан Америка академиясының ғимаратында болды.

Ғимарат ішінде газ жарылып, кейін нысанның қасбеті жолға құлаған көрінеді. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды.

Прокурорлар жарылыс себебінің екі нұсқасын - "қауіпсіздік ережелерін бұзу" және "жеке адамдардың абайсыздығын" қарастырып жатыр. Бұл туралы Париж прокуроры Лор Беко брифингте хабарлады.

Жарылыс болған жерге екі жүзден астам өрт сөндірушілер, құтқару қызметтері, сондай-ақ Париж мэрі Анн Идальго келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу