Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
"Өздеріңіз білесіздер, осы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасында ресми сапары өтіп жатыр. Осыған байланысты ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңының 6-бабының 5-ші тармағына сәйкес, маған Парламент Мәжілісінің Төрағасы ретінде ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша сегізінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер", – деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.
Бірлескен отырысқа қатысқандар Әнұранды орындады.
"Бүгіннен бастап Парламенттің төртінші сессиясы өз жұмысын бастайды. 8 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысы өтеді, онда Президентіміз жылдағы дәстүр бойынша халыққа жолдауын жариялап, алдымызға жаңа міндеттер қояды. Осымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы жабық деп жарияланады", – деді Ерлан Қошанов.