Парламент сайлауы ҚСЗИ сараптама алаңында талқыланды

498

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастырумен "ҚСЗИ GPS. Gylym. Pikir. Sayasat" сараптама алаңының осы жылғы бірінші отырысы өтті.  

Парламент сайлауы ҚСЗИ сараптама алаңында талқыланды Фото: ortcom.kz

"Парламент сайлауы-2023: саяси жүйені қайта форматтау" тақырыбы аясында 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы талқыланды, деп жазады inbusiness.kz.

Ағымдағы сайлау науқанының айрықша ерекшелігі – аралас сайлау жүйесінің енгізілуі: депутаттар партиялық тізім бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да сайланатын болады. Сайлау қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес еліміздің негізгі саяси институттары жаңартылады.

Жиын барысында отандық жетекші сарапшылар алдағы сайлауға қатысты ойларымен бөлісті.

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымовтың айтуынша, Президенттің бұл сайлау қоғамда саяси қатысудың тұрақты құндылықтарын нығайтуға көмектесетінін атап өтуі кездейсоқ емес. "Мұның барлығы халықтың сайлау мәдениетін сапалы өзгертеді. Президент айтқандай, әртүрлі болғанымызбен бәрімізді ортақ құндылықтар біріктіреді.

ҚСЗИ директоры сонымен қатар бүкіл саяси жүйені қайта жүктеу іс жүзінде жаңа ережелер бойынша депутаттарды сайлаумен аяқталатынын айтты. "Атап айтқанда, аралас сайлау жүйесі аясында өтеді. Мәжіліске өту межесін 7%-дан 5%-ға төмендетуге байланысты саяси партиялардың парламенттік мәртебе алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Сондай-ақ Мәжілістегі депутаттық орындардың саны 107-ден 98-ге дейін қысқарады.

"Парламент шынымен де қабырғасында бүкіл қоғам үшін маңызды мәселелер талқыланатын биліктің өкілетті органына айналады деген сенім бар. Сайлау қорытындысы бойынша мүлдем басқа, белсенді әрі бастамашыл Парламентті көреміз деп сенемін. "Жаға жыртысу мен талас-тартыс көшеде болғанша, Парламентте болғаны жақсы" деп Черчилль бекер айтпаса керек. Мұндай Парламент биліктің негізгі тармағы ретіндегі өз рөлі мен маңыздылығын арттыруға жағдай жасайды", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу