Парламентте тазы мен төбет тұқымын көбейту бойынша заң қабылданды

1317

Оны іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қажет. 

Парламентте тазы мен төбет тұқымын көбейту бойынша заң қабылданды Фото: almaty.tv

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатта қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығын құру, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту саласындағы қызметті қаржыландыру көзделеді.

"Орталықтың негізгі құзыретіне бірыңғай асыл тұқымды қазақы тазы мен төбеттің кітабын жүргізу, аталған тұқымдардың стандарттарын әзірлеу және басқа да міндеттер кіреді. Сонымен қатар, заң жобасы кинологиялық қызмет ұғымдарын, қазақы тұқымды иттің шығу тегі туралы куәлікті, бірыңғай асыл тұқымды кітапты, қазақ ит тұқымдары мен ұлттық аңшылық ұғымын айқындайды", – заң жобасын таныстырған Парламент Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов.

Заң нормаларын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қажет. Бұл сома 2022 жылғы 18 қазандағы республикалық бюджет комиссиясының отырысында қолдау тапты.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу