Парниктік газ көлемі 15%-ға қысқарады

1519

Қазақстан Париж келісімінің міндеттемелерін орындап жатыр.  

Парниктік газ көлемі 15%-ға қысқарады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің баяндауынша, біздің ел Париж келісімін ратификациялау аясында 2030 жылға дейін парниктік газ көлемін 15%-ға қысқартады.

"Мақсатқа жету үшін көмір қолданудан бас тартып, жаңартылатын энергияға көшуге талпынып жатырмыз. Өндірістік қалдықтарды зарарсыздандыруға  басымдық берілуде. Париж келісімінің міндеттемелерін орындау барысында

2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлейміз", – деді министр.

Оның айтуынша, құжат көмір мен газды пайдалану көлемін қысқартудың алғышартын қарастырады.

"Осы жұмыс үшін Германия үкіметінен 4,5 млн еуро гранттық жоба аясында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының сарапшылары тартылды. Олар экономиканың барлық салалары бойынша талдау жүргізеді. Бұл жұмыс 2020 жылдың соңына қарай аяқталуы тиіс. Біз жаңартылатын және баламалы қуат көзін дамытуды көздейміз. Бұл үшін Париж келісімінің міндеттемелерін тиісінше орындаймыз", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу