Пасха түні Алматының басты шіркеуінен арнайы трансляция ұйымдастырылады

906

18-19 сәуірде провославтардың мейрамы – Пасха басталады.

Пасха түні Алматының басты шіркеуінен арнайы трансляция ұйымдастырылады

Сәуірдің 18-нен 19-на қараған түні Алматының басты шіркеуінен отандық арна арқылы арнайы трансляция ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің Митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстанның митрополиті Александр айтты.

"Пасха – бұл барша қазақстандықтарға ортақ мейрам. Шын жүректен провослав христиандарды және осы Пасха мейрамына қатысы бар барша халықты құттықтаймын. Пасханы осы жылы уақытша үйде қарсы алуға мәжбүрміз. Алайда жүрегінде сенімі берік адам үшін бұл кедергі емес. Себебі биылғы жыл сынаққа толы болды. Қатерлі індет біздің елге де келді. Ол халықты уайымға салды. Біз барлық науқастардың сауығуын тілейміз. Сонымен қатар медицина мамандарының барлық талаптарын орындауға шақырамыз. Сондықтан сәуірдің 18-нен 19-на қараға түні Алматының басты шіркеуінен "Еуразия бірінші арнасы" арқылы арнайы трансляция ұйымдастырылады. Сонымен қатар "Хабар-24" арнасы арқылы көлемді репортаж жасалады", – деді Қазақстанның митрополиті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу