Никол Пашинян Астанадағы саммитке қатыспайды

562

Бұл туралы ол алдын ала Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарлаған.  

Никол Пашинян Астанадағы саммитке қатыспайды Фото: brics-russia2024.ru

Ол президенті сайлау науқаны жүріп жатқандықтан елден шыға алмайтынын айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Никол Пашинян дәл осы себеппен 9 мамыр күні Ресей астанасы Мәскеуде өткен әскери шеруге де қатыспаған болатын.

Айта кетейік, ЕАЭО саммиті 28-29 мамырда өтеді. Армения атынан жиынға премьер-министрдің орынбасары Мгер Григорян қатысады деп жоспарланып отыр.

Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ құрамынан шығуы немесе ұйымға мүшелігі мәселесі елдегі референдумда талқыланбайды. Армения премьер-министрі журналистермен әңгіме барысында қазіргі таңда мұндай қажеттілік жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, ел ЕАЭО-ға мүшелік мәселесін тек объективті қажеттілік туындаған жағдайда ғана референдумға шығаруы мүмкін.

"Біз ЕАЭО-дағы барлық серіктестерімізге және одақтағы мүшелігімізге құрметпен қараймыз", – деді Никол Пашинян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу