Пашинян қайтадан премьер-министр болды

885

Жаңадан сайланған Армения парламенті жұмысын бастады.

Пашинян қайтадан премьер-министр болды

Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ел президенті Армен Саркисянның ресми сайтына сілтеме жасап

Пашинянды ұсыну туралы бұған дейін депутат Назели Бағдасарян Facebook-тегі парақшасында жазған еді.

"Армения Конституциясы мен Ұлттық жиналыс регламенті туралы заңды негізге ала отырып, Армения премьер-министрі қызметіне Никол Пашинян ұсынылсын", – деп жазылған құжатта.

Жаңадан сайланған Армения парламенті 1 тамызда жұмысын бастады. Бірінші отырыста спикер және вице-спикер, тұрақты комиссиялардың басшылары сайланып, үкімет құрылымындағы өзгерістер бекітіледі. 

Парламентте 107 депутат жұмыс істейді. 71-і – "Азаматтық шарт" партиясыныкі, 29-ы – экс-президент Роберт Кочарянның "Армения" блогынан, 7-і – "Құрметім бар" блогынан.

Табиғат Нұрболат

Фото: tass.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу